Бүгін менің Қарағанды облысына бағытталған өңірлерді аралау іс-сапарымның алғашқы күні, биылғы жылдың алғашқы жұмыс күні Қарағанды қаласынан басталды. “Ауыл” ХДПП-ның 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында партияның Қарағанды облыстық филиалы және Қарағанды облысының ауыл шаруашылығының басқармасымен бірлесе Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутататы ретінде өзімнің қатысуыммен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға сонымен қатар Қарағанды облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, өңірдің ауыл шаруашылығының басшылары, облыстың қоғам белсенділері және «Ауыл» ХДПП белсенділері атсалысты.Дөңгелек үстелдің модераторы ретінде “Ауыл” ХДПП Қарағанды облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Серғазы Мыңжасарұлы Әдекенов, Қарағанды облысы, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бошпанов Сырым Бейсебайұлы сөз сөйледі. Сонымен қатар Шет ауданынан келген Арыстанбек Бағлан фермерлерге, қуаңшылыққа байланысты, Ақбастау ауылынан келген Дархан Әбдірахманов субсидияға байланысты, Қарқаралы өңірінен Мұрат Баймағамбет жарық туралы, Алтай Ошақбайұлы жылқыға субсидия туралы, тағы да басқа толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салды. Мен де өз тарапымнан осы осы ел ішіндегі жайттарды тиісті орындарға жеткізуге тырысамын. Әрине, бұның бәрі ел игілігі үшін жасалмақ. Осы орайда менің бұл мәселелерді қозғап жоғарыға жеткізуіммен қатар, тиісті орындар да өз кезегінде көмектерін тигізулері керек. Мемлекет басшысы әр жолдауында, әр сұхбатында да осы ел ішіндегі мәселелердің оң шешілуіне жұмыс жасау керектігін жиі айтуда.
Іс -шарадан соң Қарағанды облысы әкімінің қабылдауында болып, осы айтылған мәселелер жайлы құлағдар еттім. Келелі әңгіме өрбіп, салмақты сұхбат болды. Жылы қоштасқан әкімнен жақсы жұмыспен, ел үшін жағымды жаңалықтар боларына сенім білдірдім. Иә, күш жігер, бірлікпен сенім бар жерде алынбайтын қамал жоқ. Жарқын күндеріміз көп болсын! Өңірлерге жұмыс сапарым одан әрі жалғасуда. “АУЫЛ” ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯСЫ