Серіков
Таңсауле
Ғабдыманапұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбаты

 Жаңа жыл жаңа лебімен, жақсы жаңалығымен рух бере, күш бере келгендей. Олай дейтін себебім, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында күрделі кезеңнен осылай ой түйіп, көптің көкейіндегі сауалдарға жауап бергеніне бәріміз куәміз. Президент сұхбатына назар сала қарасақ, қазіргі кезеңде басқа салалармен қатар медицина әлеуетін де дамыту керек екендігін тілге тиек еткен екен. Алдағы уақытта бұл салаға баса назар аударылмақ.
Мұқтажбен мүгедек жандарға көмек, кәсіпкерлерге қолдау жасалды. Енді жұмыссыздықты болдырмау үшін жаңа шаралар қолға алынады.
Қасым-Жомарт Тоқаев:
- Ең алдымен, жастарды жұмысқа орналастыру керек. Сондықтан 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.
Елді күрделі өзгерістер күтіп тұр.
Шенеуніктердің міндеті – ең алдымен, халыққа қызмет ету- дегені, өз халқына жанашыр басшының сөзі емес пе.
Елде саяси реформалар жалғаса беретіндігі де айтылды.
Тіл мәселесі ол: Тіл – ұлттың тұғыры. Халықтың тілі – халықтың төлқұжаты.
Озық технологиялар заманында кей азаматтар үшін интернетке қол жеткізу қиындап кетті. Оның кемшін тұстары қаралады. Осы жұмыстың бәрі 2024 жылы да жалғасады. Біз тиянақты және жоспарлы әрекет жасаймыз, мақсатқа жету үшін үздіксіз алға ұмтыламыз. Бұл – айрықша маңызды жыл болмақ. Өйткені осы кезең еліміздің алдағы бес жылдағы дамуына негіз болады- деді сұхбатында Президент.
Қарап тұрсақ осының бәрі елдің көкейінде жүрген, біздердің, яғни депутаттардың қозғап жүрген жан айқайына дөп түскендей. Президенттің ел үшін алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруға әр азамат атсалысуы керек. Бізде осы мақсатқа жету жолында, ел сенімін ақтау үшін бар күш жігерімізді салатын боламыз. Қазақ елінің қарыштауы, ол қиындықтардың артта қалып алыстауы. Ол үшін ел көркейтер тірлік керек, тірлік алға басу үшін елге бірлік керек. “Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ” деп бекер айтылмаған. Ендеше бейбіт заман аясында, ел дамуына өз үлесімізді қоса берейік ағайын!