Жұмыс сапарымның үшінші күнін, яғни 5 ші қаңтардың таңын Қарағанды қаласындағы Сарыарқа арнасымен бастадым. Билікпен халық арасындағы дәнекердей болған, жаңалық жаршылары, төртінші билік иелері журналистер қауымымен сұхбаттасып “Сәлем Қарағанды” бағдарламасындағы тікелей эфирде болдым. Жәй емес 2024 жылдың тікелей эфиріндегі алғашқы қонағы болдым. Таңғы бағдарламаны жүргізген жүргізушілер Айдана Бегқалимен Мәди Бижан салмақты да салиқалы сұрақтарын қойып, бағдарлама сәнін келтіре білді. Бағдарлама барысында өз жеке өмірім, мүгедек жандар тағдыры, Парламент қабырғасындағы жұмыстар, Ауыл партиясы жасап жатқан дүниелер де тілге тиек болды. Осы сәтті пайдаланып ойдан шыққан өлең жолдарын да арнадым. Осындай елге жайлы ақпар берер бағдарламалары үшін және осы арнаны басқарып отырған Дүйсетаев Берік Смағанбетұлына алғысымды білдіремін. Әр азаматтың еңбегін елге көрсетіп, халық алғысын ала беріңіздер.