Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұрасының бірі. Қаны мен жанында күй ойнаған ұлтымыз тума таланттарға кенде емес.
Бүгін Қазмедиа орталығындағы концерт залында мәдениет және ақпарат министрлігімен “Хабар” агенттігінің бірлескен жобасы - қазақтың күй өнері және күйшілік мектептері туралы “Қазына” деректі тележобасының тұсаукесері болды. Тұсаукесер кешіне мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева және мәжіліс депутаттары қатысып, аталған іс-шараның біз де куәгері болдық. Бұл деректі тележоба біздің өткеніміз бен бүгініміздің арасындағы жанды көпір іспеттес. Себебі аталған кештің мақсаты – біздің қазақ дәстүріндегі құндылықтардың тарихымен қоса, күйдің мән-мағынасын халыққа паш ету. Алдағы уақытта да ұлы күйшілердің есімдерін асқақтатып, артында қалған мұраларын қайта жаңғыртатын сапалы дүниелер өз жалғасын табады деген ойдамыз.