Бүгін сәтті сәрсенбі күні Парламент қабырғасында мәжілістің жалпы отырысы болып өтті. “Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасына байланысты сұрағымды қойдым. Онда байланыс қызметінің жыл сайын мүлде бақылаусыз өсуі, қарапайым адамдар үшін, оның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар үшін бұл қиындық туғызады. Сол себепті ұялы байланысқа мемлекеттік реттеуді ұсындым.
Менің бұл сұрағыма орыс тілінде жауап берген сала өкілі бұл мәселе алдағы уақытта қарастырылатынын айтты. Байланысымыздың берік болуы үшін, халыққа сапалы және тиімді бағада қызмет көрсетілуі керек.