Серіков
Таңсауле
Ғабдыманапұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Парламент мәжілісінде Әлеуметтік мәдени даму комитетінің ұйымдастыруымен өткен “Ғылым және технологиялық саясат туралы “

 Парламент мәжілісінде Әлеуметтік мәдени даму комитетінің ұйымдастыруымен өткен “Ғылым және технологиялық саясат туралы “ және “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы “ тақырыбындағы заң жобасының таныстырылы болып өтті. Жиынға Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Еспаева Дания Мадиқызы, әлеуметтік мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов және жұмыс тобының жетекшісі ретінде өзім қатыстым. Сонымен қатар кешке Ғылым және жоғары білім, Оқу ағарту, Әділет, Ауыл шаруашылығы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері және мәжіліс депутаттары қатысты. Заң жобасы таныстырылымы барысында депутаттар министрлік өкілдеріне сұрақтарын қойып, ұсыныстарын да жеткізді. Мысалға депутаттар ауыл шаруашылығы ғылымы мүлде ақсап жатқандығын алға тартса, енді бірі ғылым саласында жастарға бағытталған ғылым, технологиялық саясат жайлы, оған керекті барлық тетіктер қарастырылуы қажеттігін жеткізді. Ел Президенті қазіргі заман ғылыммен білімнің заманы екенін баса айтып жүр. Себебі ғылым елдің ертеңі, болашағы. Сондықтан Білімі терең, ғылымы дамыған ел болуымыз керек.