Бүгінгі пленарлық отырыс барысында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат мәселелері бойынша өзгерутулер мен толықтырулар енгізу туралы” баяндама жасадым. Осы заң жобасы бойынша көптеген уақыт өз жетекшілігіммен бірнеше жұмыс топтары болып өтті. Оған уәкілетті органның, министрліктің өкілдері және әріптестер де қатысқан болатын. Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген бұл заң жобаларына депутаттармен басқа да комитеттер өз қолдауларын білдіріп, аталмыш заң жобасы бүгін Парламент Сенатына жіберілді. Еліміздегі қандай салада болмасын, қандай заң жобаларына өзгертулер енгізілер болса, онда ол өте тиянақты түрде талқылану керек. Себебі әр заң жобасы ол ел тағдырына, халыққа пайдасын тигізуі қажет деп есептеймін.