ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Астана қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, «ДОС» Тәуелсіз өмір» орталығы МҚБ, «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ өкілдерімен болған басқосуда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың басқалармен теңдей дәрежеде жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы туралы мәселелер көтеріліп, талқыланды.
Атап айтсам:
-инватакси қызметі;
-қоғамның осал топтарын субсидиялау;
-мүгедектігі бар тұлғалар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың пайызсыз ипотека, жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламаларына қатысуы.
Жоғарыда аталған сұрақтар бойынша жұмыстар бірден қолға алынғанын атап өту керек. Олардың орындалу барысы жете бақылайтын боламыз.