Серіков
Таңсауле
Ғабдыманапұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасындағы балалардың инклюзивті қоғамын дамыту проблемасына қатысты

Қазақстан Республикасы, өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде танытатын кез келген басқа ел сияқты, адами құндылықтарды, сапалы өмір сүру мүмкіндігін, адам құқықтарын сақтауды және жеке тұлға ретінде өзін-өзі іске асыру үшін толық еркіндік беруді өзінің басымдығына қояды.

Адам баласы дүниеге келгенде бақытты боламын, бақытты ғұмыр кешемін деп келеді, алайда мүгедектік басыңа берілгенсоң тағдырдың жазуына не шара? Конбеске шара жоқ. Бірақ бір қуанышты жағыдай, ол Қазақстандағы көптеген мүгедектігі бар жастардың өміргедеген құштарлығы, бейімделуге ұмтылысы өте жоғары. Президентіміз Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаев  «мүгедектігі бар тұлғаларды барынша жан-жақты қолдау көорсетуіміз керек»  деп әр жолдауында аса назар аударып айтып  келеді, соның айғақ көрінісінің бірі ол мүгедектігі бар тұлғалардың парламент қабырғасында болуы.

Кез келген бала көп нәрсені түсініп, үйренуі керек, ал мүгедектік жаңа нәрсені түсінуге кедергі болады. Мүгедектігі бар балалар өздерін толық сезіну мүмкіндігінен айырылмауы керек, олардың жағдайлары  сау балалармен бірдей болуы керек. Мүгедектігі бар баланың  қоғамға толық бейімделуінің бір мүмкіндігі ол сауықтыру, спортпен айналасу. Бүгінгі таңда аулдарда, аудан орталықтарында аталмыш сауықтыру орталығы жоқтың қасы, ал көптеген дертке дауа болған «Бассейн» орталықтары ауыл тұрғындарына мүлдем арманға айналған. Соның салдарынан аул жастары мүгедектігі балаларды асырап отрыған ата-аналар  қала, облыс орталықтарына баруға мәжбүр. Тиісті ем-шараларды? Сауықтыру процедураларын  қала орталықтарында алып жатыр.   Бірәқ бұл жердеде жағыдай мәз емес.  Мүгедектігі бар балалардың бассейінге жатығуына қатысты қаражат жергілікті бюджеттенғана қарасырылады.

Мысалыға:

Ақтөбе қаласында ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап мүгедектігі бар  балалар жүзуге бармайды, өйткені бөлінген қаражат таусылды.

Бағдарламаны жалғастыру үшін қосымша қаржыландыру қажет. Қосымша қаражат бөлу жөніндегі бюджеттік өтінім ағымдағы жылдың сәуір айында ғана мәслихат сессиясында қаралады. Сәуір айында сұраныс мәслихатта оң шешімін тапқан күннің өзінде мәселе толыққанды жүзеге маусым - шілде айында асады. Сонда мүгедектігі бар бала жарты жылға жуық сауықтыру шараларын алмайды деген сөз. 

Мемлекеттік органдарда келесі жылға бюджет қаражаты салынатын мүгедектігі бар балалардың деректері бар, алайда бөлінген ақша қаражаты жыл басында аяқталды.  Қаражатты толық бір жылға бюджеттен қарастыруға не кедергі?

Енді қала, облыс орталықтарында осындай жағыдай орын алса ауылға не сорым?  Ауылдағы аталмыш мәселе қалай шешілмек?

Құрметті  Алтай Сейдірұлы!

 Президенттің мүгедектігі бар тұлғалалардың мұддесіне қатысты тапсырмасы қатаң орындалуы тиіс.

 Жоғарыда аталған мәселеге қатысты :

Жауапты заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша нысанда ұсынуыңызды сұраймын.