Серіков
Таңсауле
Ғабдыманапұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар жандардың проблемасына қатысты

Қазақстан Республикасының

                                                                       Премьер-Министрі

                                                                             Ә.А. Смайыловқа

Депутаттық сауал

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Қазақ қашанда қолдауды қажет ететін жандарға көмек қолын соза білетін халық едік. «Ауыл»  партиясы бағдарламасының да ең бірінші кезекте тұрған мақсаттарының бірі мүгедек жандарды, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қолдау. 

Статистикалық деректерге сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанда 700 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады, оның 62% еңбекке қабілетті жас. 305 499 мың адам ауылдарда және 409 658 мың адам қалада тұрады.  Мүгедек жандардың көбі қоғамдық көлікті пайдалану мүмкіндігі жоқ және жүріп-тұруға жалғыз мүмкіндік ретінде автокөлікке мұқтаж.

 Ауылда самолет ұшпайды, көптеген ауылдарда поезд жүрмейді, жалғыз мүмкіндік, ол Авто көлікпен жүріп-тұру.

Мүгедектігі бар адамдар әдетте, пайдалануда болған, шаршап шаруасы бітуге айналған арзан көлік сатып алады. Және мүгедектердің зейнетақысы өте төмен екені белгілі, авиа тасымалы мүгедектер үшін арманға айналған,  ал теміржол бағытында  купелер мүгедектігі бар  адамдар үшін бейімделмеген. «былай барсаң өгіз өліп, былай барсаң арба сынар» өте қиын жағдайда. Бір ғана амал, ол автокөлік. Сол себепті мүгедектігі бар жандар үшін 4 пайыздық жеңілдетілген несие қарастырылуы керек.

Қазақстанда «Инватакси» арнайы әлеуметтік қызметі тек емханаға, ауруханаға, дүкенге жету үшін қарастырылған оның өзі оларға қолың жетсе ғана.

Көптеген мүгедек жандар  Амал жоқтықтан, автокөліктеріне қолмен басқарылатын құрылғыларды өздері жасап орнатып алып жүр. Бұл құрылғыларға арнайы  бекітілген мемлекеттік стандарттар жоқ па? Ішкі істер Министрлігінің жауабына сәйкес қолмен басқаруға ауыстырылған автокөліктерді есепке алу жүргізілмейді екен.

ҚР автопром саласына жауапты министрліктің ақпаратына сәйкес  автопром жыл сайынғы өсуді көрсетіп отыр, жағдайлары жақсы. 

 Сонда жыл сайын автоөндіріс жағдайы жақсы болса да, мемлекеттен преференция (субсидия) ала тұра мүгедектерге ешқандай жеңілдік жоқ па? Бұл қалай болғаны? Ол субсидия нақты қайда жұмсалуда?

  Сізден, осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтеттік деңгейін арттыру мақсатында мына ұсыныстарды қарауыңызды сұраймын:

- медициналық анықтамалары бойынша арнайы автокөлікпен қамтамасыз етуге мұқтаж жандарды есепке алуды қарастыру;

- арнаулы автокөлiк құрастыру үшін өндіріс орындарын құру,  өндiрушiлерге осы мақсаттар үшiн салықтық жеңілдіктер беру;

- арнаулы автокөлiктермен айналысатын техникалық қызмет көрсету орталықтарын ашуға мүмкіндік туғызу;

- автопромдардың мемлекеттен субсидия алуына байланысты, мүгедектерге, жеңілдетілген несие және тегін автокөлік беру жолдары қарастырылсын.

Әділетті Қазақстанда еститін Үкімет бар екенін әр азамат сезінуі керек.