Серіков
Таңсауле
Ғабдыманапұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бүгін ҚР парламенті мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Премьер Министрінің орынбасары Тамара Қасымқызы Дүйсеноваға өз депутаттық сауалымды жолдадым.

 

Депутаттық сауал

Құрметті Тамара Босымбекқызы!


Бүгінгі депутаттық сауалым мүгедектігі бар тұлғалар жайында. Бүгінде бір өңірде ғана емес , еліміз бойынша кәсіби түрде протез жасайтын протезист маманы жоқ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес 2023 ж наурыз айы бойынша елімізде 715 мыңнан аса мүгедектігі бар тұлғалар тұрады. Өңірлерді алсақ, 5 өңірде осы жандардың тең жартысы тұрады екен. Сонымен қатар тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен 200 мыңнан аса адам бар. Мемлекет 1ші, 2ші, 3ші топ мүгедектеріне тегін протез жасауға кепіл болғанымен ол іс жүзінде өте баяу іске асуда.

Елімізде протез жасайтын бар жоғы үш төрт ақ адам ғана бар, олардың өзі мүгедектігі бар, бұлсаланың мамандары емес, ресейге барып айлық курс оқып келіп протез жасап жүр. Амал жоқтықтан. Себебі колледждермен жоғары медициналық оқу орындарында бұндай мамандыққа оқытпайды. Мүлде жоқ. Шет мемлекеттерден протез алу, қалтасы қалың адам үшін де қиындық туғызады, ал қарапайым адам қалай алады? Протез ол адамның дене мүшесінің жасанды түрі, сондықтан бұл мәселеге тиянақты түрде қарау керек.

Протезді жылына кемінде екі рет тексеруден өтізіп отыру қажет. Ал балалар протезін әр екі ай сайын жөндеуден өткізуі керек, себебі баланың сүйегі тез өзгереді, денесі өседі, өзгерістер болады. Осы орайда жоғары квалификациялы протезист-ортопед маман болуы керек.  Мысалы, Германия, АҚШ елдерінде, тіпті көршілес Ресейдегі Санкт-Петербург қаласында, 2 оқу орнында «протездік-ортопедиялық және оңалту техникасы» мамандығы бойынша оқытылады.

Олар оқуды тәмамдаған соң: науқастардың жағдайын талдауға, аяқ, қол протездерінің түрін, дизайнын, ортоз түрін тағайындауға, аяққа ортопедиялық аяқ киім мен түзету құралдарын тағайындауға, пациенттің қозғалысын жеңілдететін көмекші құралдарды тағайындауға, төменгі аяқ протездерін жасауға қатыса алады. Және шет елде хирургтар операция жасар алдында протезист маманмен пациентке ота жасау керек пе, немесе қалай жасау керектігін ақылдасады. Себебі дұрыс жасалмаған протез ауруды ушықтыруыда мүмкін. Протезит-ортопед маманның тәжірибесі ампутаттың алдағы сапалы өмір сүруіне ықпалы зор.   Ал біздер медицналық оқу орындарына осы мамандықтарды кіргізе алмай жүрміз.

Технология бір орнында тұрмайды. Әлемде жыл сайын жаңартылған инновациямен түрлі протездер өндіріске енуде. Осы орайда айтарым, «Медикер Интернешл» компаниясымен бірлесе Түрік ағайындар елімізде протезист мамандарын дайындауға дайын екендіктерін білдірген болатын, тек оларға мүмкіндік беру керек. Ең болмағанда еліміздегі колледждерде «Протезді-ортопедиялық және оңалту техникасы» бөлімдерін Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында немесе тағы өзге өңірлердегі медициналық оқу орындарында оқытуға мүмкіндіктер берілсе.

 Екіншіден мүгедектікті растау бойынша көптеген мәселелер туындауда. Әлеуметтік жеңілдіктердің көбісі 1 және 2 топқа берілгендіктен көптеген мүгедек жандар осы топқа тіркесе дейді. 3 топта бұндай жеңілдіктер жоқ десе болады.

Оған дәлел ретінде мысал айтар болсам, маған түскен  көп өтініштің бірі «қыз бала бір қолы кемтар туылған, өспей қалған, атқару функциясы жойылған. Бірақ оған 3 ші топ қана берілген. Сол себепті ол адам 50 жыл бойы 3 ші топты қайта-қайта растап жүр. Осыдан ақ әлеуметтік жауапкершіліктің жоқтығын көріп отырмыз. Біз бұдан 1,2 ші топтың ақшасын қарап жүрген жоқпыз, біз бұдан әлеуметтік әділдікті іздейміз. Осыған орай Парламент қабырғасында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігі қатысуымен инклюзивті Парламентпен бірге №260 бұйрықты ақылдаса отыра талдау керек.