Қайырлы күн! Құрметті, менің сәулелі оқырмандарым!
11 ақпан – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні құтты болсын!
Жыл өткен сайын елімізде ғылым саласы дамылсыз дамып келеді, әйел ғалымдардың саны да, сапасы да арту үстінде.
Әлемде аталған саладағы әйелдер қауымының үлесі небәрі 30%-ды құрады екен.
Еліміздегі ғылыми әлеуеттің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген аяулы жандарды атаулы күнмен шын жүректен құттықтаймын.