Аңыз қала, өндіріс қаласы, дара қала Қарағандының мерейлі мерекесі құтты болсын!
Менің өмірімде Қарағанды қаласының алатын орны бір төбе.
Бағымды ашқан, бақытымды тапқан қалам. Аналық бақытқа бөлеген қалам.
Өмірлік кемеме билет беріп, теңізге бағыттап берген қала.
Құшағына ұялатып, биікке әулетіп ұшырған қала.
Әрқашан жүрегін ашып, құшақ жайып, жылы сезіммен қарсы алатын қалам.
ҚАРАҒАНДЫМ! Өндірістік әулетің биіктеп, көркейіп, гүлденіп, өркендей бер!