Қайырлы кеш!
Мың отыңа бір отымды жағайын!
Бүгін Қарағанды облысындағы жұмыс сапары басталды.
Облыс әкімі Ермағанбет Қабдұлаұлының қабылдауында әріптес депутаттармен «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының кемшіліктері мен өзектілігін талдадық.
Қазіргі таңдағы облыстың жалпылама ахуалымен таныстық. Келесі кезекте Шахтинск қаласында орналасқан қос зауыттың жұмысшыларымен кездесу өтті.
Қала әкімі Мұрат Есетұлымен бірге «ArcelorMittal Temirtau» АҚна қарасты шахта қызметкерлерінің тұрмыстық сауалдарына жауап бердік.
НОММ (біріккен машина құрастыруы) зауытының жұмысшыларымен кездесуде қаланың даму болашағына байланысты маңызды сұрақтар талқыланды.
Шахтинск тұрғындарының көкейінде жүрген негізгі мәселелерге қоғамдық транспорттың жағдайы, қала іші мен елдімекендер арасына жазылған жол құрылыстары, сондай-ақ, жылу электр станциясының қысқы мерзімге дайындығы кірді.
Қоғамдық транспорт.
Қала автопаркі жыл сайын жаңара түспек. Биыл сатып алынған жаңа автобустардың саны бес болса, келесі жылы тоғызға ұлғаймақ.
Сонымен қатар, тұрғындарға қоғамдық көліктердің жүру кестесін бақылайтын жүктеме қосымша керек екен.
Қала тұрғындарын автобусты 1 сағаттан 1,5 сағаттап күтетіні қынжылтады.
Жол мәселесі.
Республикалық бюджеттен 500 миллион тг. сомасында ақша бөлінген.
Қалада су өткізу құбырлары орнатылып, Шахтинск қаласына тиесілі екі су үсті көпір жаңартылмақ.
Су құбырлары орнатылғаннан кейін, жол құрылыстары басталады.
Аталмыш жұмыстар біткенше тұрғындар үшін айналмалы жол салынып жатыр екен.
ЖЭС.
Бүгінгі күні жылу электр станциясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жалпы есеппен төрт қазандық бар. Жоспар бойынша, алғашқы екеуі 10-қыркүйек күні, үшіншісі 25-қыркүйек күні толық қысқы мерзімге дайын болмақ. Төртінші қазандық жөндеу жұмыстарын қажет етпейді, дейді қала әкімі.
Жұмыс есебі легін бақылап отырыңыздар. Сау саламат!»