Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Шахтинск қаласынан кейін Шет ауданына қарасты Ақадыр кентіне жол тарттық

Ақ отауым тігілген Ақадырым!

Шахтинск қаласынан кейін Шет ауданына қарасты Ақадыр кентіне жол тарттық.

Жергілікті “Amanat” партиясы филиалының депутаттары, елді-мекен әкімшілігінің жауапты қызметкерлерімен ауыл ақсақалдары және қоғамдастық мүшелерінің өтініштерін тыңдап, талдадық. Қойылған сауалдарға аудан әкімінің орынбасары Дәурен мырза бірге жауап берді.

***Ә. Ермеков атындағы мектеп.

Әдеттегідей, мердігер мен әкімдік арасындағы даудың салдары оқушы бүлдіршіндерге кесірін тигізіп жатыр.

Мәселе, осы жылдың аяғында соңын табады деп күтілуде.

Қысқы мерзімге арналған жылу жүйелері мен ішкі құрылысы тәмамдалған. Мектеп асханасы мен спортзал құрылыстары кешенді жүріп жатыр, білім ордасының сыртқы фасады да осы тізбекте.

Жергілікті халық саны мен оқушылар қатарын есепке алсақ, тағы да мектеп салуға қажеттілік бар деп есептеймін.

***Әлеуметтік осал топтарға арналған үй.

Бүгінге екінші объектіміз үй құрылысы болды. Ауыл азаматы Мерей мырза бастаған бір топ еріктілер асарласып, үй құрылысын өздерінің қаражатына жалғастырып салып жатқаны белгілі болды.

Мерей мырзаның айтуынша, бұл үйдің де құрылысы келесі жыл басталмай толығымен аяқталып, пәтер кілттері тапсырылады.

***Мамандар тапшылығы.

Ақадыр кентінің экономикалық-логистикалық бұлағы - теміржол бекеті екені рас.

Ауыл халқының басым көпшілігі осы бекетте қызмет етеді.

Дегенмен, ақсақалдардың айтуынша, білікті мамандар тапшылығы бар.

Мұның себебі, тұрмыс-тіршілікке ыңғайлы жақындықта теміржол ісінің орта буын мамандарын даярлайтын оқу орны жоқ. Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Жақанұлына ақсақалдар аталмыш оқу орнын ашу жайлы өтініш хат толтырды.

Сондай өтініш хаттың тағы бірі орталықтандырылған газ жүйесін орнату аясында жазылды.

Келесі есеп күн кезегін күттірмейді. Жұмыс алда!