Ақтоғай.
Асыл ардың мекені - Ақтоғайым!
Бүгінгі есеп Ақтоғай ауданы аясында болмақ. Әкім Руслан Айтыкенұлымен және әріптес депутат Тілектес Серікбайұлымен бірге елді-мекеннің негізгі мәселелерін талдап, Қусақ пен Абай округтеріндегі жұмыс барысын бағалап қайттық.
Жол мәселесі.
Ақтоғай ауданына қарасты ең ауыр даулардың бірі. Жол жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Дегенмен, қазіргі жағдайы сын көтермейді. Бүгінгі жоспар бойынша 50 шақырым қашықтықта үш деңгейлі асфальт төселуде.
Қоғамдық көлік мәселесі.
Жергілікті халықтың аздығынан күнделікті тарифті ұстау қиын болып табылады. Сондықтан, Қусақ округінде мүлдем қоғамдық көлік жүрмейді.
Бұқара халық қазіргі таңда жеке автокөліктермен қатынап жүргені белгілі болды.
Әкім Руслан Айтыкенұлы сол ауданы жеке кәсіпкерлерімен бірге бұл сұрақтаң жақын арада жауабын табуға жауапты екенін жеткізді.
Мектеп мәселесі.
Урбанизация тенденциясы білім саласына да айтарлықтай әсер етіп жатыр. Биылғы оқу жылы мектеп қабырғасында 60 оқушы дәріс алған. 4 оқушы мектептен түлеп ұшқан.
Қусақ ауылындағы кездесуде көтерілген бұл сұраққа аудан әкімшілігінің білім бөлімі басшысы жауап берді.
Ата-аналардың алаңдаушылығына мектеп өз жұмысын жалғастырады деген сені орнатарлық шешім айтты.
Бүгінгі бұл мәселелер еліміз бойынша көптеген елді-мекендерде бірдей ахуал тудыруда.
Парламент Мәжілісі депутаттары ретінде бұл мәселелердің шешімін табу үшін қажырлы еңбек етеміз!