Бүгінгі сапарымыз Қарағанды облысына қарасты Ақтау ауылынан басталды. Аудан әкімінің орынбасары Азамат мырза және елді-мекенге тиісті партия филиалының депутаттарымен бірге тұрғындардың сұрақтарына жауап бердік.
Орталық газафикация.
Қазіргі таңда аудан бойынша орталық газ жүйесін орнату жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 615 абонент орталық жүйеге қосылған.
Нұрқазған жергілікті өндіріс орнының қызметкерлері жалақы сұрағы бойынша біршама наз білдірді. Оның ішінде категориялық санатқа бөлінген төменгі буын жұмыскерлердің жалақысын көтеруді, жұмысшы әйелдердің жұмыс жүктемесін түсіруді талап етті.
Сонымен қатар, қазіргі таңда өндіріс орны орналасқан жер Бұқар-Жырау елді-мекеніне тиесілі екендігін, дегенмен, өндірістің экологиялық зардаптары Ақтау ауылына әсер етіп жатқандығын тиек ете, жер телімдерін қайтаруды ұсынды.
Бұдан бөлек, жергілікті халық арасынан жайылым жайлы пікірталас тудырған мәселе қозғалды.
Бүгінгі күні өріске айдалатын төрт түлік мал ауыл көшелерінде жүр. Мұның негізгі себебі ретінде жайылымдарда су көзінің тапшылығы айтылды.
Сондықтан, жайылымдағы жер асты суларына қол жеткізу үшін құдық қазу ұсынылды. Бұл мәселе жергілікті әкімшілікпен жақын болашақта қызу талқыға түсіп, жоспар дайындалмақ.
Теміртау қаласында орналасқан механикалық цех ЖШС “Инкар” өнідіріс орны мен жұмыс процесін таныстырды.
Кәсіпорын басшысы Нұрпейіс мырза негізі мәселе ретінде білікті мамандарды дайындаушы оқытушы жоқ екендігін атап көрсетті.
Соңғы үлгідегі техникамен жұмыс жасауды жіті білетін оқытушы елімізде тапшы екендігін, ал шетелден алдырған педагогтердің жұмыс өтілі мен тұрғын-жайына төленетін сома тым үлкен екенін жеткізді.
Әзірге хабар легі осымен тәмам. Хабарда отырыңыздар!