Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Кешегі күн Қарағанды шаһарын жылу энергиясымен қамтамасыз етуге жауапты ЖЭО-да өтті

Қыстың қамын жазда ойла!

Кешегі күн Қарағанды шаһарын жылу энергиясымен қамтамасыз етуге жауапты ЖЭО-да өтті. Жөндеу жұмыстары мен қысқы мерзімге дайындық процессін бақыладық. Серіктестіктің техникалық директоры Мұхтар Сүлейменов ЖЭО-3 жұмысымен таныстырды, станцияның қазандық және турбиналық цехтарын аралап, осы кезеңдегі жөндеу бағдарламасының орындалу барысы туралы ақпаратпен таныстық.

Бүгінгі күні ЖЭО-ның негізгі уайымы баға тарифтеріне қатысты. Жанармай көзін тасымалдау және орталыққа қажетті су көзі үшін төленетін құн жыл сайын еселенуде. Сондықтан, жылу энергиясы үшін тарифті жоғарылату қажеттілігі туындап отыр. Негізгі шикізат ретінде қолданылатын көмір бағасы да көңіл қуантпайды. Делдалдар салдарынан баға үстемдігінің орын алуы жылуэлектрорталығына да елеулі әсер ететіні сөзсіз.

Қазіргі таңда ЖЭО-ның тозу деңгейі 55% құрайды. Бұл министрліктің бекіткен сараптамасы бойынша “сары” деңгей. Келесі жылы инвесторлық келісім бойынша тозу деңгейін 15%-ға төмендету жоспарлануда.

2023 жылғы жөндеу бағдарламасының құны 13 миллиард теңгеден асады. «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС ЖЭО-1 және ЖЭО-3 жылуэлектрорталықтарында барлығы 16 қазандық пен 10 турбина жөнделеді. Жалпы жөндеу жұмыстарының 75 пайызын құрайды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта қоймаларға жанар-жағармай жиналып жатыр. Кездесу барысында кәсіпорынды дамыту, негізгі жабдықтардың тозуын азайту, ЖЭО-3 қуатын кеңейту перспективалары және 3 жылу шығаруды салу жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Ол қаланың жаңа тұрғын аудандарын қамтамасыз ету үшін ЖЭО-3-тен қосымша жылу қуатын беру мәселесін шешетіні сөз болды.