Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Саран қаласы

Сарыарқаның сары өзегі Саран!

Қарағанды облысындағы сапарымыз жалғасын Саран қаласынан тапты. Кешегі күні болашағы бұлыңғыр көрінген қала, қазір қайта жанданып, көгеруде.

Қала әкімінің міндетін атқарушы Мұрат мырза әріптесім Тілектес Серікбайұлы екеуімізге жаңадан ашылғалы отырған өндіріс орны мен жылутранзиттік орталығын көрсетіп, жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында хабардар етті.

Жақын болашақта тұрмыстық техника өндірісіне бағытталған зауыт ашылады. Қазіргі таңда зауыт ғимаратының құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Жоспар бойынша зауыт есігі ашылғасын, 1200-ден астам жұмыс орны пайда болады.

Бұл Саран қаласының жергілікті тұрғындары мен болашақ тұрғындары үшін үлкен жаңалық.

Бүгінгі күні жылу, қысқы мерзімге дайындық мәселесі өзекті, маңызды мәселелердің қатарында. Сол себепті Саран қаласы да өз тарапынан бұл саланы жауапкершіліксіз қалдырмайды. Бүгінгі күні жылутранзиттік орталықтың құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Қазандықтары қысқы жұмыс режиміне сақадай сай.

Сарань қаласының жаңа леппен дамуына тілектеспіз!