Молодежный ауылынан дұғай сәлем!
Қарағанды облысындағы сапардан соңғы есеп. Негізгі мәселелер Қазақмыс және Сәтпаев атындағы су каналының жұмысшыларынан түсті.
Қазақмыс.
Әрбір жанармай көзі көмір болып табылатын өндіріс орнына сай сұрақ: делдалдардың көпшілігі, тарифтің төмендігі. Жыл сайынғы инфляция сайын кәсіпорынның табатын пайда пайызы азая түсуде. Сондықтан, арадағы делдалдарды тізбектен заңды жолмен алып тастау және көрсетілетін қызмет үшін тариф бағасын жоғарылату - басты назарда.
Су каналы.
Кезекті кездесу. Кезекті төмен жалақы. Сәтпаевтың есімін иеленген бұл каналдың жұмысшылары 70 000 тг. көлемінде жалақы алады. Көңілдері көншімеген жұмысшылар жалақыны жоғарылату жайлы дабылын қаққанына бір жыл емес. Қазіргі таңда, қалыптасқан жағдайдың салдары есебінде су каналында қызметкерлер тапшылығы пайда болды. Төмен жалақы жұмысшылардың тұрмыстық қажеттіліктерін ақтамайды.
Сапарымыздың соңына қарай әріптесім Тілектес Серікбайұлымен бірге ауыл ішінде салынып жатқан жаңа балабақшаның құрылысын барысын тамашаладық.
“Ауыл - елдің бесігі” атты бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан бұл құрылыс осы жылдың аяғын күттірмей аяқталмақ.
Қорытындай келе, облыс бойынша сапар тәмамдалды. Өткен кездесулерде жиналған қауым ішінен, жұмыскерлерлен, тұрғындардан, белсенділерден тиісті құзырлы орган төрағасының атына өтінішхаттар алынды. Жақын болашақта, қабыл алынған сауалдардың шешімін тауып, халық арасына оңды нәтижені паш етеміз деп сенемін!