Құрметті, менің сәулелі оқырмандарым!
Іс-сапар жалғасуда. Шахтинск қаласының "Құрылысмет" заутының еңбек ұжымымен кездестік.
Бұл мекеменің де тағдыры ҚАРМЕТ комбинатпен тікелей байланысты. Шығарған өнімдері арқылы комбинатты қамтамасыз етеді.
Жұмыскерлер әртүрлі сұрақтар көтерді. Шахтинск қаласы жолы, әлеуметтік обьектілерінен бастап Ұлттық қордан балаларға бөлінетін төлемдерге дейін..
Кездесуге қатысып отырған депутаттар тікелей жауаптарын берді. Кейбір мәселелер бойынша Шахтинск қала әкімі орынбасары түсіндірді.
Шахтинск қаласында орналасқан шұжық өнімдерін өндіретін "Апрель Құлагер" компаниясына бардық. Шұжық өнімдерін өндіретін технологиясымен, шұжық өнімдерінің түрлерімен егжей тегжейлі таныстырды.
Проблемалар:
Су тазарту құрылғыларының жағдайы қанағатандырарлық емес.
Қарағанды, Шахтинск мен Шахан арасындағы жолдың сапасы нашар.
Поликлиника мәселесі де өте өткір тұр.
Шахтада, зауытта жұмыс жасайтын жастардың үй сатып алу мүмкіндігін арттыру үшін Жастарға арналған ипотекалық бағдарлама керек.
Жаңадан жұмысқа қабылданатын жұмыскерлерді өндіріске тікелей кіргізбей дайындықтан өткізетін курс немесе оқыту орталығы ауадай қажет.
"Апрель Құлагер" компаниясы сыйыр етін шет елден алады.
250 адам жұмыс істейтін компанияда 125 адам ғана еңбек етеді. #AMANAT #МӘЖІЛІС