Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қарағанды облысы Нұра ауданында

Қайырлы таң!

Құрметті, менің сәулелі оқырмандарым🙌

Кеше Қарағанды облысы Нұра ауданына бардым. Құлан өтпес ауылына қарай жол жоқ.

Киевкада 5 әлеуметтік обьектіге кіріп, жағдайды қарап шықтым. Аудан әкімі, Астанадан арнайы Денсаулық сақтау Министрлігі "Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты" директоры С.А. Қайыргельдина келіп қатысты.

1. Жабық хоккей кортын көрдік. Нұра кенті балалары үшін өте керемет орталық. Ауылдардан келіп жарыстар өткізіп тұрады екен. Ауданға жаңа рең беріпті.

2. Көпфункциональды спорт кешені аудан тұрғындары үшін жұмыс жасап тұр.

3. Аудан поликлиникасына барып, емделушілермен жолықтым. Аудандық аурухананы аралап, медицина қызметкерлерімен кездесу өткіздім.

4. Б. Әбдікәрімов атындағы көпбейінді колледжі оқытушылар құрамымен кездестік.

5. Б.Ысқақов атындағы аудандық кітапхана. Ауданның 32 ауылында кітапхана жұмыс істеп тұр. Кітап қоры үлкен. 2023 жылы аудан көлемінде 960 астам іс шара өткізіп отырған ірі орталық екен.

Проблемалар:

✅ МРТ, КТ аппараты жоқ. Сол үшін қалаға жолдайды.

✅ Ауданда бүйрек ауру адамдардың саны көбейіп барады. Диализ орталық керек-ақ болып тұр екен.

✅ Аудан емханасы 140 миллион теңге қарызы бар.

✅ Реаблитация орталығы қажет.

✅ Аудан емхана ғимаратында басқа мемлекеттік органдар орналасқан. Емханада дәрігерлерге кабинет, орын жоқ.