Қайырлы кеш! Құрметті, менің сәулелі оқырмандарым!
Теміртау қаласында ардагер шахтерлар мен металлургтармен кездесу өткіздік.
Ақсақалдардың ұлағатты ойларын тыңдап, комбинатқа қатысты, Теміртау тұрғындарының тірлік, тіршілігіне қатысты мәселелерді талқыладық.
Теміртау ҚАРМЕТ-тің қаңғырап тұрған ескі ғимаратын музейге айналдыру туралы пікірлерін ортаға салды.
Теміртау тұрғындарының саны 170 мыңнан астам. Қалада нан заводы жоқ. Нанды Қарағандыдан тасымалдап әкеледі. Кей кездері нан жетіспейді. Инвестор тартып, Нан комбинатын салу керек, екенін айтты. 2024 жылдың басында 2 күн нан болмай қалыпты. Ауа рай себепші, жол жабық болғандықтан…
Қаланың кейбір ауданында жылу проблемасы әлі де бар екен. AMANAT партиясының бақылауна қойдық.
Қала тұрғындарын тасымалдайтын қоғамдық көлік Автобус паркіне қатысты претензиялар өте мөте көп. Халықтың көңілінен шықпаған, тендерді жыл сайын ұтып алатын, монополияға ие болған компания туралы кері ойларын жеткізді…
Қала тұрғындары трамбай туралы мәселені көтерді. #AMANAT# Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі