Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЖЕТІСТІК ФОРМУЛАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЖЕТІСТІК ФОРМУЛАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

💠 Бүгін Қарағанды аймағына арнайы іссапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның құрметті заңгері» Унзила Шапақ ханым өзі білім нәрімен сусындаған қара шаңырағы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне келіп, профессорлық-оқытушылар құрамымен, дайындық бөлімінде білім алып жатқан жастармен жүздесті.

💠 Унзила Шапақ 1973 жылы Ұланбатыр маңындағы Налайхы қалашығында дүниеге келген. Отанына оралған соң 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік дипломмен тәмамдады. Кейіннен Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасына оқытушылық қызметке қалдырылды. Ғалым 70-тен астам ғылыми мақаланың авторы, құқық теориясы бойынша 10 типтік бағдарлама бойынша авторлық ұжым мүшесі, сондай-ақ заң ғылыми саласында беделді жас ғалымдардың бірі ретінде танылды. Ғылыми мақалалары Ресей, Қырғыз, Монғолия, Болгария елдерінде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланған. Бүгінде атажұртында беделді, білікті заңгерлердің қатарынан орын алып отыр.

💠 Унзила Шапақ өз сөзінде: «Жарысқа түскен сәйгүлік сияқты елден қалып қоймайын, бір қадам болсын көш алдында жүрейін деген бойдағы күш қана адамды алдыға итермелеп отырады. Солай жүріп, өмір жолында, қызмет жолында адам баласы өзіне сай бәсекелестікке кезігеді. Одан кейін өмірдің бір белесін бағындырғаннан соң адамзат өз қолымен жасампаз дүниелерді жасай бастайды. Сол жасаған дүниесі өзінің құндылығына айналады. Тиісінше, адам баласы белгілі бір жетістікке жеткеннен кейін «өз ұлтыма, Отаныма қандай игі іс істедім?» деген сауалға жауап іздей бастайды. Осыдан, қоғамдағы өзінің орнын табады. Егер өзіне ұнамайтын іспен айналысса, ондай жұмыстың сапасы болмайды және бар ынтасымен істемегендіктен адам қызмет бабында өспейді, өз мамандығының шебері бола алмайды. Жұмысыңды ұнатпасаң, нәтижеге жетемін деп ойлау қате. Оған қоса, алға қойған мақсатқа жету үшін үнемі жақсы ортаны таңдап, соған сай бейімделу керек. Жаныңда жүрген, өзің үлгі тұтатын тұлғалардың өткен жолымен жүріп, жақсысын алып үйренген жөн, яғни ол жандар алдымен өзіңізге жақын болуы керек, ол адамның бойындағы болмысы сізге жұғысты болуы керек. Егер сондай үлгілі, ұстамды ортада жүретін болсаңыз, онда өзіңіздің арман-мақсаттарыңызға белгілі бір деңгейде жетуге мүмкіндік алдыңыз деген сөз», — деп баса айтты.

💠 Іс-шара соңында Басқарма Төрағасы — ректор Нұрлан Дулатбеков өз алғысын білдіріп, шәкіртінің отыз жыл бұрын жазған курстық жұмысын табыстады. Унзила Шапаққызына «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің құрметті профессоры» атағы берілді.