Кеш жарық!
Құрметті, менің сүйікті оқырмандарым!
Қарағанды облысына арналған іс-сапар аяқталды. Алланың қолдауымен, Сіздердің дұға, тілектеріңіз арқасында сәтімен болды. Орталық Қазақстанның ауа райы құбылмалы…
Серіктес, үзенгілес, әріптес інім депутат Тілектес Адамбеков екеуіміз Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Сарань, ҚарМУ, Нұра аудандарын аралап шықтық.
Бүгін сапардың соңғы күні облыс әкімі Ермағамбет Қабдұлаұлы, әкім орынбасары Ерлан Құсайынов мырзалармен жүзбе жүз кездестік.
Ермағамбет Қабдұлұлы Қарағанды облысының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қысқаша баяндады.
Депутаттар өңірді аралау барысында назарға іліңген, халықтың, сайлаушылардың көтерген мәселелерін талқыға салды: QARMET қызметкерлерінің әлеуметтік сұрақтары, жол құрылыс, энергетикалық, өндірістік сала, емхана, мектеп, бала бақша, үлестік құрылыс, көпір, оңалту орталық және т.б.
Депутат Тілектес Серікбайұлы екеуіміз өзіміз барған өңірдегі өзекті сұрақтар бойынша пікірімізді ортаға салдық.
Әкім өз құзырында шешуге болатын мәселелерді анықтады. Облыстық деңгейде приоритетті бағдарламалық істердің қатарына қосты.
Республикалық органдар арқылы шешілуге тиісті мәселелерді Біз қоржынымызға салып, аманат ретінде алып кеттік!