Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы өтті.

Қайырлы күн!

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы өтті. Халқымыз үшін басты құндылық бірлік пен өзара татулық. Сессияда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттілігіміздің іргесін біріктіріп тұрған басты институт - ҚХА екенін ерекше атап өтті.

Қазақстан жалғыз отанымыз. Ата Заңда ұлықталған, бекітілген басты құндылықтарымыз баршамызды біріктіреді. Бірегейлік - біздің ел азаматтарының бірдей екенімізді, өзімізбіз деген сезімді нығайтатын ұғым.

Бірегейлікті біріктіретін ұйытқы мемлекетпен тарихи, тағдырлас және тұрақты саяси, құқықтық байланысымыз. Президент Қ. Тоқаев айтқандай:

"...Біздің қоғам – ортақ идеалдар мен құндылықтар біріктірген еркін әрі жауапкершілігі мол азаматтардың одағы. Бұл – жалпыұлттық бірегейлігіміздің тағы бір жарқын көрінісі. Сондықтан бүгінде азаматтарымыздың барлығы өздерін үлкен әрі біртұтас қазақ отбасының, шын мәнінде, қазақ ұлтының мүшесі сезінеді.

Біз бәріміз – бір отбасымыз. Бұл – артық айтқандық емес. Бұл – біздің шынайы болмысымыз. Осы ретте біз мақтаныш ететін этномәдени әралуандығымыз ешқайда жоғалып кетпейді. Керісінше, біртұтас азаматтық негіз есебінен нығая түседі. Елімізде түрлі мәдениет дәстүрлері жалпыұлттық бірегейліктің берік іргетасы болып қаланатын өзімізге тән айрықша өмір сүру салты қалыптасты. Осынау ерекше бірегейлігіміз уақыт тезіне төтеп беріп, қоғамдық сананың өзегіне айналды»

Елімізде бәрімізді, бір-бірімізді - өзіміздей сезінейік.