Қайырлы кеш!
Бүгін комитет отырысы болатын күн екенін сіздер де білесіздер!
Күн тәртібінде 6 Заңның жобасы болды. "ҚР адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Заң жобасын комитет жұмысқа алды. Онымен қоса ілеспе екі Заң жобасы келді. Жұмыс тобы жетекшісі - Башимов Марат. Заң жобасына ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Саденов Ержан Сапарбекұлы таныстырылым жасады. Таныстырылым мазмұнды, көрнекі, түсінікті болды. Сұрақтар көп болды. Заң жобасы әлі де ауқымды, жан-жақты талқыдан өтеді.
Екінші Заң жобасы: "Онлайн платформалар және онлайн-жарнама туралы". Баяндаған - депутат М. Башимов. Бұл Заң жобасына келесі депутаттар бастама жасады. Ілеспе 2 Заң жобасы келді. А. Баққожаев, М. Башимов, Қ. Иса, О. Құспеков, М. Маггерамов, А. Сағандықова, А. Сарым. Заң жобасы комитетте қызу талқыланды. Жауапсыз сұрақтар көп...
Әлемдік сарапшылардың болжамы бойынша онлайн-жарнамаға жаһандық әлемдік шығындар жыл сайын орта есеппен 15 %-ға өседі, ал 2025 жылға қарай 100 %-дан асатын болады, дейді мыс.
Бүгінгі күні Қазақстанда онлайн-платформалардың жұмыс істеуі мен дамуы үшін заңнамалық негіз қалыптаспаған: ұғымдық аппарат жоқ, пайдаланушылардың өзара да, онлайн-платформалар әкімшілігімен де әрекеттесу бөлігінде реттелмеген олқылықтар бар. Заң жобасы әлеуметтік-мәдени даму комитетінде жұмысқа алынған.