Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Конституцияда депутат мәртебесіне бекітілген басты құқығым жүзеге асырылды.

Қайырлы түн! Бүгін аптаның сәтті күні - Сәрсенбі.

Жаңалық бар. Конституцияда депутат мәртебесіне бекітілген басты құқығым жүзеге асырылды.

Президент Қ.Тоқаев былтырғы жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауында "Ұлттық қор - балаларға" атты бағдарламаға бастамашылық жасаған.

Мәжіліс депутаттары М. Такиев, Б. Бейсенғалиев, Е. Стамбеков, У. Шапак, Сенат депутаттары Б. Орынбаев, Б. Орынбасаров бірлесіп "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері" бойынша Заң жобасын әзірлеп, Үкіметке қорытынды беруге ұсынған едік.

Бүгін Үкіметтен оң қорытынды алып Мәжіліске келіп түсті.

Мемлекет басшысының бастамасына негізделген бұл Заң жобасы ересек өмірге қадам басқан қазақстандықтардың баспана жағдайын жақсартуына немесе білім алуына мүмкіндік туғызады.