Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмысты ары қарай жалғастырдық

Кеше, 2023 жылы 17 мамырда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмысты ары қарай жалғастырдық.

Жұмыс тобының отырысына мүдделі мемлекеттік органдар, ғылыми мекемелердің өкілдері, сарапшылар және мамандар қатысты.

Салыстырма кестедегі тек бір ғана маңызды позиция талқыланды.

Ол ҚР Азаматтық процестік кодексінің 435-бабына қатысты. Түзетудің авторы депутат Имашева Снежанна Валерьевна.

Талқылау барысында өз пікірлерін бірінші заң жобасын әзірлеуші орган - Әділет министрлігі білдірді. Олардың көзқарасын Жоғарғы Сот қолдады. Ал Бас Прокуратура өкілдері кері, дәйекті пікірін білдірді.

Сонымен қатар, ғалымдар (М. Сүлейменов, А. Салпеков, М. Кудерин) мен жұмыс тобының мүшелері де өз пікірлерін ортаға салды.

Қорыта келе, пікірлерді тыңдап, аталған ұсыныс дауысқа қойылды.

Жұмыс тобының мүшелері арасынан 4 депутат аталған түзетуді қолдамады, 2 қалыс қалды. Түзету қабылданбады.

Аталған түзету бойынша Әділет министрлігі ары қарай жұмыс жасап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына ұсыныс енгізуді өз мойнына алды.