Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
“Парламенттік бақылау” туралы жеке заң керектігі туралы

Қайырлы күн!

“Парламенттік бақылау” туралы жеке заң керек!!

Парламентаризм институты және Астана хаббен бірігіп халықаралық дөңгелек стөл өткізді.

“Заңдардың орындалуын парламенттік бақылауды реттеуді жетілдіру мәселелері” тақырыбында баяндама жасадым.

Қазіргі замандағы парламенттік бақылау дегеніміз мемлекетте дамыған өкілді демократия мен орнықты парламентаризмнің болуымен сипатталады.

Парламентаризмнің тиімділігі заң үстемдігіне негізделген мемлекеттік механизмінің жұмыс істеуімен және қоғамда адам құқықтарын қамтамасыз етілгендігімен анықталады.

Парламенттік бақылау мемлекетік және қоғамдық бақылауды өзіне біріктірген әлеуметтік бақылаудың бір нысаны.

Парламенттік бақылау атқарушы биліктің қызметін соның ішінде, қабылдаңған заңнамалардың орындалуына және сақталуына қатысты заң шығарушы органға тексеру және бақылауға мүмкіндік беретін ерекше мемлекеттік-құқықтық институт болып табылады.

Жоғарыда аталған заңнамаларға сүйене отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметіне қатысты Парламенттің бақылау функциясының іске асу формаларына байланысты келесідей негізгі түрлерін анықтауға болады:

1.Қызметке сайлау және қызметтен босату. 2. Қызметке тағайындауға келісім беру. 3. Лауазымды тұлғаларды оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру. 4. Парламенттік тыңдау. 5. Премьер-Министрдің баяндамасын тыңдау. 6.Үкімет мүшелерінің есебін тыңдау. 7.Сенім және сенімсіздік білдіру (вотумы). 8. Депутаттық сауал салу және сұрақ қою. 9. Жоғары аудиторлық палатасының тоқсан сайынғы ақпараты. 10. Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін жылына екі рет тыңдау. 11. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту. 12.Конституциялық Соттың Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдау. 13.Үкімет сағатын өткізу. 14. Комитеттің «тақырыптық сағаты». 15. Комитеттің кеңейтілген отырысы. 16. Комитеттің көшпелі отырысы. Сонымен қатар Парламенттегі партия фракцияларының бақылау тетіктері тағы бар.

Мінеки, жоғарыда көрсетілген Үкіметке қатысты парламенттік бақылауды нысандары 16.

Конституцияның 57-бабының 6-тармағы түсіндіруді, нақтылауды қажет етеді. Үкіметтің қызметі туралы есепті тыңдай келе, заңдар орындамағаны туралы туралы қорытынды жасау керек. Заңдардың орындалмағаны туралы анықтайтын критерийлер жоқ.

Аталған заңнамаларда көзделген парламенттік бақылау нысандары анықталғанымен, олардың іске асырылу механизмі нақтыланғанымен бақылау тетігі толыққанды реттелмеген деп санаймын.