Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Кітап-AMANAT»: Отандық әдебиетті ілгерілетуге бағытталған жоба Маңғыстауда ашылды

Қайырлы кеш! Құрметті, менің сәулелі оқырмандарым!

Осы апта жұмысым шежіресі көл-көсір, киелі Маңғыстау облысында басталды.

Қоңыр күз болса да Ақтау мен Каспийдің жаға жайы көңілді баурап тұр.

📚«Кітап-AMANAT»: Отандық әдебиетті ілгерілетуге бағытталған жоба Маңғыстауда ашылды.

«Кітап-AMANAT» кітап орталығы осыған дейін Қызылорда облысында іске қосқан едім. Бұл жоба бүгін Маңғыстауда жалғасын тапты.

«Кітап-AMANAT» партиялық жобасының мән-маңызы өте жоғары.

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасының орынбасары Мухамбет Жайлыбаев жоба туралы баяндама жасады.

Осындай игілікті бастаманы партиямыз қолға алып, ұлттық құндылығымызға баса мән бергені үшін алғыстарын білдіріп жатқан азаматтарда бар.

Сондай-ақ, «Кітап-AMANAT» орталығы партияның өңірдегі Жаңаөзен қалалық филиалында да ашылады. Қаланың жұртшылығы да таяуда осы жобаның игілігін көретінін айта кеткен жөн.

#AMANAT