Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Партия жанындағы «Әйелдер қанатының» жұмысы

Құрметті, менің сәулелі оқырмандарым!

Қазіргі таңда Қызылорда қаласы қарқынды өсіп келеді екен.

Қызылорда облысындағы іс-сапарымда, жергілікті кәсіпкер 1,7 млрд қаржы жұмсап салған «Анаға тағзым» рухани орталығында болдым.

Орталық өңірде ана институтын сақтау мен нығайтуға орасан үлес қосатыны анық.

Жобаның мақсаты – ұлттық құндылықтарды ұрпаққа мирас етіп қалдыру, дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, әйелдер еңбегін дәріптеу. Сонымен қатар қыз-келіншектер мен аналарды өмірге, тұрмысқа бейімдеу жұмысымен де айналысады.

Орталықта қолөнер шеберлері жасаған бұйымдар көрмесі орналастырылған. «Қазақ елінің ұлы аналары» атты картина өте ерекше, картинадағы әр әйелдің бейнесінде QR арқылы өмірбаяны сақталған.

«Анаға тағзым» орталығындағы «Әйелдердің креативті индустрия орталығы», «Ұлт жақұты» музей залы, «Мирас» әжелер клубы, «Жас отау» мектебі, «Бойтұмар» қыздар клубы, «Шамшырақ» фото-видео студиясымен, «Сырғалым» сырласу клубы, психолог-медиатор кабинеті, конференц зал жұмыс жасайды.

Орталық сән салтанатымен құлпырып, жоба мазмұнымен үйлесіп тұр.

Орталық басшысы Қызылорда өңірінде танымалы журналисті, іскер әйел Алтынай Бекмағамбетқызы Молжанова.

Осы орталықта Партия филиалы жанына құрылған әйелдер қанаты жиын өткізді.

Жаңа Әділетті Қазақстанда әйелдерінің қоғамда алатын рөлін, саяси және экономикалық мәртебесін арттыру – уақыт талабы.

Бұл мақсатқа жету «AMANAT» партиясының басты назарында тұр. «AMANAT» – нақты істің партиясы. «AMANAT» партиясы, қазақстан халқының, ел Президенттің саяси тірегі екенін өңірдегі белсенділер нығыздап тұрып, сеніммен жеткізді.

«Әйелдер қанатының» құрылғанына ризашылықтарын білдіре келе, «AMANAT» партиясының өңірлік әйелдер қанатының жетекшісіне «Анаға тағзым» орталығының директоры Алтынай Молжанова лайық деп бірдауыспен сайлады.

Менің бір таң қалғаным, жиынға қатысып отырған белсенді әйелдердің әрқайсысы жаңа сайланған жетекші туралы жылы, қолдау лебіздерін білдірді. Барлық мүшелердің ойы бір жерден шықты. Ешкімнің не көзінде, не сөзінде күмән болмады.

Партия жанындағы «Әйелдер қанатының» жұмысы келесі 10 басым бағыттарды қамтиды:

1. Әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау; 2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесу; 3. Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтенуіне ықпал ету; 4. Қоғамның әл-ауқатын қолдау мақсатында психологиялық қызмет институтын дамытуға жәрдемдесу; 5. Еңбекті қорғау және жұмыстағы әйелдердің қауіпсіздігі; 6. Ауылдық жерлерде әйелдер бизнесін дамытуға жәрдемдесу; 7. Әйелдер денсаулығы мен отбасылық құндылықтарды насихаттау; 8. Заң жобаларына гендерлік сараптама және гендерлік саясаттың дамуын ілгерлету; 9. Әйелдердің қаржылық сауаттылығын және гендерлік бюджетті қалыптастыруға жәрдемдесу; 10. Ғылымдағы әйелдерді қолдау.

Күтетін нәтижелер:  Әйелдер Қанатын құру және оған жүктелген міндеттерді жүзеге асыру партия қызметінің барлық деңгейінде әйелдердің тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз ететін саяси күш ретінде жариялауға мүмкіндік береді.

 Партияның формальды құрылымдарының бір бөлігі ретінде Әйелдер қанаты ресми мәртебе алады және әйелдерді партияның гендерлік саясатын қалыптастыруға және осы бағыттағы оң өзгерістерді бастауға септігін тигізеді.

 Әйелдер қанаты партияның филиалдар желісін, көптеген бастауыш партия ұйымдарын, Парламенттегі және мәслихаттардағы депутаттық фракциялар, партияның қоғамдық қабылдаулары және партиялық жобалар түріндегі партиялық ресурстардың кең спектрін қолдана отырып орталықта және жергілікті жерлерде гендерлік саясат бойынша қызметін тиімді жүзеге асыра алады.

 Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының мүмкіндіктері азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін гендерлік саясатты кешенді ат салысу үшін қатарға қосуға, сондай-ақ оларды «AMANAT» партиясының тұрақты электоратының құрамына тартуға мүмкіндік береді.

 «AMANAT»» партиясы Әйелдер қанатының табысты жұмыс істеуі еліміздің басқа да саяси институттарына озық тәжірибесін тарату түрінде мультипликативті нәтиже береді.

#AMANAT# #МӘЖІЛІС#

https://aqmeshit-aptalygy.kz/.../partijanyng-oblystyq.../