Қайырлы кеш! Құрметті, менің сәулелі оқырмандарым! Менің бүгінгі жұмыс күнім Сыр елі, жыр елі – Қызылорда қаласында басталды. Қала қандай көркем, әсем.
Қазақи иісі аңқыған, ұлттық нақышы сақталған архитектуралы ғимараттар, көшеде сүп сүйкімді орнатылған мүсіндер, сондай үйлесімді. Қала тазалығы да байқалады.
Қызылорда облысына барған себебім: 1. Аманат партиясының «КІТАП - AMANAT» жобасы аясында кітап орталығы ашылды. 2. «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалы жанынан әйелдер қанаты құрылды.
Жоспарланған іс-шара партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Лейла Төрешова ханымның жетекшілігімен жоғары деңгейде өтті.
Партияның қалалық филиалы ғимаратында орналасқан орталықта әлемдік және отандық әдебиет, балаларға арналған шығармалар мен мәдени бағыттағы кітаптар болады. Бүгінде осы бағытта көрме ұйымдастырып қойған екен. Шараға келген азаматтар кітаптардың баға қолжетімді екенін айтып, сатып алып жатты.
Жалпы, ең алғаш «КІТАП – AMANAT» жобасының орталығы Алматы қаласында Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының Төрағасы Е.Ж. Қошановтың қатысуымен ресми түрде ашылған.
Бүгінде Астана, Шымкент қалалары мен Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Павлодар облыстарында және Қызылордада ашылды. Жобаның негізгі мақсаты отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдау.
Бұл жоба қандай нәтижеге қол жеткізеді:
Біріншіден, бұл – руханиятымыздың көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді. Осылайша, қазақ тіліндегі кітап шығару мен кітап айналымының үлесін ұлғайтылмақ.
Екіншіден, қаламгерлердің өз кітаптарын нарыққа шығаруына және шығармашылық белсенділігін арттыруға көмектеседі. Жоба аясында «AMANAT» партиясы мен Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығы арасында келісім-шарт жасалады. Құжат бойынша баспаханалар дүкендерді қол жетімді бағадағы кітаптармен қамтамасыз етіп, оқырманға кедергісіз жеткізетін болады.
Үшіншіден, біз осы бастама арқылы жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, көп оқитын, білімді ұлт қалыптастырады. #AMANAT# #MӘЖІЛІС#
https://kzvesti.kz/.../v-kyzylorde-prezentovali-knizhnyj.../
https://kyzylorda-news.kz/.../partiya-zhanynynan-otandykh...
https://astanatv.kz/kz/news/98183/