Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Президент құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңесті деген ақпарат баршамызға жетті.

ҚАЙЫРЛЫ ТҮН! ҚҰРМЕТТІ, МЕНІҢ СӘУЛЕЛІ ОҚЫРМАНДАРЫМ!

Президент құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңесті деген ақпарат баршамызға жетті.

Қазіргі таңда, заңның сақталуына мән бере отырып, Заң мен Тәртіп қағидаты Қазақстан қоғамының идеологиялық және саяси темірқазығына айналуы тиіс, екендігі жайлы Мемлекет басшысы ерекше атап өтті.

 Құқықтық тәртіптің бекуі барлық құқық қорғау органдары заңдылықты қатаң сақтау арқылы ғана жүзеге асырылады.  Құқықтық тәртіп құқықтың іске асырылуының соңғы нәтижесі.  Заңдылық режимі тұрақты құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді.

Жаңа мыңжылдықтың құқығы дегеніміз өркениетті халықтың құқығы. Қоғам өмірінде құқық асқақ, биік тұру үшін құқықтық тәртіпті қатаң сақтау керек, құқықтық құндылықтар "мәңгі", "тұрақты" кепілге айналуы тиіс. Сол құндылықтардың қатарына "заңдылық" қағидаты жатады.

Құқықтық тәртіп – қоғам мүшелері құқықтарын ешқандай кедергісіз пайдалануын және міндеттерін орындалуын қамтамасыз ететін, заңды нормалар мен заңдылықтың нақты жүзеге асырылуының нәтижесін білдіретін қоғамдық қатынастың күйі.

Құқықтық тәртіп тек заңдылықты қамтамасыз ету арқылы іске асырылады.

Әділет, олда "мәңгі" құндылықтарды бірі. Өткенде, Президент Әділетті Қазақстанды құру үшін құқықтық мәдениетті дамыту қажеттілігі туралы айрықша айтып кеткен.

Конституцияда адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары қазына деп бекіген.

Ал, адам құқығы - жұмыскердің, дәрігердің, жүргізушінің, кеншінің, ұстаздың, әйелдің, баланың, жетімнің, жесірдің, ғалымның, күзеттің, мигранттың, зейнеткердің құқығы ғой.

Қайсысының болсын құқығына қатысты сұрақ көтерілсе, барлығы нашар қорғалған сияқты күйде. Себебі, қоғамдағы барлық әлеуметтік топтың кез келгенінің құқығы бұзылған жағдайда мемлекет тарапынан, құқық қорғау мекемелер тарапынан әлсіздік байқалады.

Адамдар құқықтарын қорғау үшін заңға ғана сенуі керек. Заң алдында барлығы тең. Бірақ та, адамдар заңға сенбейді, құқығының тапталатынына, оған қысым көрсетілетініне сенеді.

Заңды құрметтеу, құқыққа үстемдік таныту сезім жоқ. Сондықтан адамдардың өздері бөтен адамның құқығына немқұрайлы қарайды. Адамдардың мемлекет тарапынан әділет болады деген үміті жойылған.

Менің ойымша, лауазым тұлғалардың құқықтық нигилизмі құқықтан ауытқыған жағдайда нақты жауапкершіліктің туындамауы, сөзбұйдалықпен істі шешуі, құқықты қадірлемеу, елемеу арқылы етек жайып барады.

Кез келген азамат құқықтық мәдениетін жоғарлатқысы келсе еліміздің Конституциясын білуі міндет.

Азамат өзінің құқығын қорғау үшін сотқа, мемлекеттік органдарға жүгіну, әкімшілік шағым түсіру сияқты құқықтық құралдар арқылы күресу керек. Сол үшін құқықтық сауаттылықты арттыру арқылы құқықтық мәдениетті жоғарылату керек.