Қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні болған жер сілкінісі алматылықтарды біраз абдыратып тастады. Бұл оқиға барша қазақстандықтарды қатты уайымдатты.
Жер шарында өте қауіпті жер сілкінісі орта есеппен айына екі рет болады екен. Шүкіршілік ететін жәйт, көбінесе елді мекендерден тыс жерлерде болатындығы.
Жер асты толқындарының тіркелген максималды жылдамдығы сағатына 360 шақырымды құрайды. Бұрын-соңды тіркелген жер сілкінісінің максималды тереңдігі жеті жүз елу шақырым. Міне, осындай қысқаша мәліметтер жер сілкінісінің табиғатының үрейлі тұстарын ашып береді. Оның болатын уақытын болжау, дөп басып айты мүмкін емес. Тіпті онымен күресудің де жолдары қиын.
Бірақ, Зілзала қаупі туралы тұрғындарды алдын ала құлақтандыру аса маңызды. Бұл туралы халық дабыл қағуда.
Барша қоғам болып Президенттің Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңесін күттік.
Себебі, Мемлекет басшысы айтқандай, Алматы тұрғындары төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін білмейтінін көрсетті. Бұл жерде мемлекеттің де, жеке азаматтардың да жауапкершілігі болуы керек.
Бұл кеңесте: Президент Үкіметке сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін толығымен қайта қарап, сапасын жақсартуды нақтылап тапсырды. Бұған қоса, азаматтық қорғаныс дайындығын бағалаудың нақты жүйесін енгізу керек.
Президент азаматтық қорғаныс жүйесін сынға алды. Құзырлы органдар бұл сынақтан өте алмады. Президент мемлекеттік органдардың Алматыда болған төтенше жағдайдан тиісті сабақ алу керектігін баса айтты.
Президент Үкіметке сейсмикалық мониторинг пен зілзаланы болжау жүйесін жетілдіру туралы нақты тапсырма берді. Бұл бағытта әлемдік инновациялық шешімдерді, жасанды интеллект, Google-дың ескерту жүйесі сияқты озық технологияларды пайдалану қажет екенін ерекше ескертті.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Мемлекет басшысы төтенше жағдай кезінде құзырлы органдарға қандай бір көмек сұрап хабарласқан әрбір азамат мемлекет қамқорлығын сезінуі тиіс деп атап көрсетті.
Елде білікті сейсмолог мамандар дайындау мәселесі өте маңызды. Президент осы салада қажетті мамандарды дайындау сапасын арттыру туралы тапсырма берді.
# Мәжіліс# # AMANAT#