Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Кезекті комитет отырысы

Бүгін Сейсенбі, әдеттегідей, кезекті комитет отырысы. Күн тәртібінде, екі Заң жобасы.

1. 2022 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы және атқарылуы бойынша Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның есептері. Қызу талқыланып жатыр.

Жоғары аудиторлық палата мүшесі Расул Нұрланұлы баяндама жасады. Үкімет тарапынан Қаржы вице- министрі Дәурен Оденұлы қатысты.

Былтыр бюджет түсімдері – 16,1 трлн теңгені, ал шығыс – 18,5 трлн теңгені құраған. Бюджет тапшылығы – 2,4 трлн теңге, ал 81 млрд теңге игерілмеген.

Игерілмеудің негізгі себептері: өнім берушілердің шарт талаптарын бұзуы, жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың ұзақ өтуі немесе оң қорытындысының болмауы, орындалған жұмыстар актілерінің, шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы.

«2022 жылы 3 мемлекеттік бағдарлама және 10 ұлттық жоба жүзеге асырылды. Әртүрлі қаржыландыру көзінен 8,2 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 2,8 трлн теңге бөлінді. 15,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 130,7 мың отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. Сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік қалаларда – 98,4 пайыз, ауылдар жерлерде - 94,5 пайыз болды. Тұрғын үй құрылысын дамыту жобалары бойынша нақты түрде 19,5 мың жұмыс орны құрылды», – деді, Қаржы вице-министрі.

ЖАП: « Екі жылдан бері Жоғарғы аудиторлық палата мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың ғана емес, оны жоспарлаудың да тиімділігін тексеріп келеді.

Осы тәжірибеге сүйене отырып, бюджет қаражатын ұтымсыз жұмсау жоспарлау сатысында тұрғаны белгілі болды. Сондықтан биыл біз бөлінген ресурстарды ескере отырып, олардың сапалы жоспарлануы мен орындалуына басты назар аудардық», -деді, Расул мырза.

2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасы үшінші рет талқыланып жатыр...