Көзді ашып жұмғанша Сейсенбі келді. Әдеттегідей, комитет отырысы.
Күн тәртібінде 2 Заң жобасы: 1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». 2. «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы». Бұнымен қоса, 5 ілеспе Заңдар жобасы тағы бар.
Бірінші Заң жобасы бойынша бастама топ мүшесі ретінде баяндама қойдым.
2000 жылы 23 тамызда болашақ ұрпақ игілігіне арналған Ұлттық қор құрылғаны мәлім. Табиғи қазбаларды экспорттаудан алынған түсімдерді жинақтайтын Ұлттық қорды басқару Ұлттық банкке тапсырылған. Мінеки, ұрпағымыз соның игілігін 18 жылдан соң көре бастайды. Қосымша баяндама қойған Қаржы министрлігінің Департамент бастығы Айбол Арынғазинов мырза.
Екінші Заң жобасы, Екінші Республика үші тарихи маңызды. Бұл туралы тағы бір пост жазармын.
Бүгінгі комитет отырысында жұмысқа қабылдаған Заң жобасының бірі "Заңсыз иеленген активтерді мемлекетке қайтару туралы". Ілеспе Заң жобалары: «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
«Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары.
Заң жобасы аясында Прокуратура туралы Конституциялық Заңға, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Салық, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы сияқты жалпы саны 11 кодекс пен 13 заңға түзуту енгізіледі.
Бұл Заң жобасы біздің комитетте қаралады. Сондықтан 3 жұмыс тобында да мүшемін. Жұмыс тобына 21 депутат кірді. Соның ішінде үш комитеттің Төрағасы қатысады. Заң жобасы бойынша түстен кейін депутаттар кездесті. Әр норма қызу талқыға түсіп жатыр. Абзал Құспан мырза бар ойын ортаға салуда.