Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжілістің жалпы отырысында қаралған заңдар

Бүгін таңертең Мәжілістің жалпы отырысы өтті. 1. "Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі шешу мәселелері бойынша заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын Комитетке қабылдадық.

2. "Жылумен жабдықтау саласындағы басқарудың, тартылған қаржы қаражатын жылу энергиясын өндіру және беру обьектілерінің нысаналы пайдаланылуы мен инвестициялық бағдарламаларды орындауының тиімділігіне мемлекеттік аудит" атты іс-шараның қорытындысы бойынша ЖАП Төрағасы есеп берді.

Наталья Годунова ханым депутаттар тарапынан қойылған сүрақтарға ашық, нақты жауап берді.

Жалпы, Аудиторлық Палата қорытындысы көп мәселенің бетін ашты.

Әдеттегідей, ешкім жауапкершілікті мойнына алғысы келмейді...

3. Жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша Заң жобасы бірінші оқылымға шықты.

4. "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" Заң жобасын екінші оқылымынан өтті.