Бүгін 4 сағат жалпы отырыстан кейін 2 жұмыс тобында қызмет атқардым.
1. “Ұлттық қордан балаларға төлем жасау” бойынша Заң жобасын пысықтап қарап, 10-ға жуық норманы Үкіметке қорытынды алуға жібердік. Олардың қатарына Казпочта арқылы төлемді аудару, колледжге оқу ақысына төлемді жұмсау мүмкіндігі сияқты нормалар жатады.
2. “Денсаулық сақтауға қатысты заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу” Заң жобасы шеңберінде электронды темекі, вейп, энергетикалық сусын сияқты өте нәзік тақырып қозғалды.
Депутат Дәулет Тұрлыханов және Нургуль Таумен жолығып қалсаң электронды темекі, вейп саудасы, олардың адам ағзасына зияны туралы, жастардың уланып жатқаны жөнінде әңгімені айтқанда…Осы адам ағзасына қауіпті және зиянды заттардың айналымда жүргеніне өзіңді кінәлі сезінесің!
Сондықтан бүгінгі жұмыс отырысында депутаттар өте жауапкершілікпен, құлшына кірісті. Ұсынған нормаларды бірауыздан қолдап отырды.
Мемлекеттік органдар да белсенді қолдады. Кейбіреуі онлайн қатысып, ойын ашық жеткізбей жүйкеміздің тұрақтылығын, саулығын тексерді.
Мүдделі (азаматтық) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерде етене ат салысты.
Ал бизнес мүддесі бар ұйымдарда құр қалмады. Ғылыми негізді, салмақты пікірлерін ортаға салғандай болып, үгіттеу, дәріптеу, бұрын соңды айшықтала бермейтін дәйектеу жұмыстарын жүргізді. Қызыл көз қайтсын, қазақша сөйлеп кете ме деп “қауіптеніп” отырдым.