Құрметті оқырмандар! VIII сайланымдағы бірінші сессияның жұмысы аяқталды.
Бұл сессия Парламент тарыхындағы ең қысқа әрі ең белсенді сессия болып табылады. Атқарылған жұмыстар өте маңызды әрі мазмұнды болғанын атап өткен жөн. Парламенттің қарауындағы 82 заң жобасының 25 қабылданып, 13-не Президент қол қойды.
Көптеген маңызды заң жобалары депутаттардың бастамасымен әзірленді, алғаш рет Жоғары аудиторлық палатаның есебін тыңдадық. Мәжілістің төрағасы Е. Қошанов алдағы сессияда қандай жұмыстар күтіп тұрғандығын атап өтті.
Осы аптадан бастап депутаттардың өңірлерге сапары басталады.
Осы кездесулерде Сіздердің пікірлеріңізді, ойларыңызды, ұсыныстарыңызды, мұң-мұқтаждарыңызды тыңдап оларды орындауға ат салысамыз.
Сіздердің назарларыңызға әдеттегідей мен қосылған депутатық сауалдарға келіп түскен жауаптар. Қызықтырса, оқып танысуыңызға болады.