Құрметті оқырмандар! Сіздерге 8 шақырылым 1 сессиясы нәтижесі бойынша (2023 жылғы 19 наурыздан 30 маусымға дейінгі кезеңдегі) жеке есебімді ұсынамын!
1. Жеке қабылдауда қабылданған адамдар саны - 28 адам.
2. Қаралған өтініштердің саны жеке және заңды тұлғалар - 45
3. Дайындалған депутаттық сауал саны: барлығы 20 сауал дайындалды, оның ішінде бірлескен авторлықта – 18, жеке сауалдарым – 2.
4. Заң шығару қызметі:
1 заң жобасына бастамашылық жасадым: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы". Бірінші оқылымнан өттік.
1 заң жобасы бойынша - жұмыс тобының басшысы болып табыламын: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 12 заң жобасы бойынша - жұмыс тобының мүшесі болдым: бас Комитетте 3 заң жобасының, өзге Комитеттерде 9 заң жобасының жұмыс тобында. 20-дан астам заң нормасын ұсынып, заң жобаларына енгіздім.
5. Қатысқан дөңгелек үстелдер, конференциялар, сараптамалық кездесулер және өзге де іс-шаралар: ТМД ПАА-дан халықаралық байқаушылар тобының, ТМД ПАА тұрақты комиссиясының жұмысына қатыстым. Шет елдің Төтенше және өкілетті елшісімен, Халықаралық ұйым өкілдерімен кездесулер өткіздім.