Құрметті оқырмандар! Табиғи ресурстардың халыққа тиесілі болуы МЕМЛЕКЕТТЕН, ең алдымен, халықтың, жалпы қоғамның және болашақ ұрпақтың мүдделерін ескере отырып, оларға меншік құқығын жүзеге асыруды талап етеді. Конституцияға былтыр өзгеріс енгізгенде - МЕМЛЕКЕТТІ Қазақстан халқына тиесілі осы объектілерге меншік құқығын қорғау және заңсыз алынған табиғи ресурстар мен олармен байланысты активтерді тікелей ХАЛЫҚ мүддесінде пайдалану үшін оларды заңды иесіне қайтару жөнінде барлық қажетті шараларды қолдануға міндеттеген едік. Мінеки, нәтижесін көре бастадық. Бүгін «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына Президент Қ. Тоқаев қол қойды. Бұл Заңға қысқаша түсіндірме беріп кетейін. Парламент депутаттары БАСТАМАШЫЛЫҚ жасаған Заң. Заңның мақсаты - бастапқыда заңсыз иемденілген, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық немесе қызметтік жағдайды теріс пайдалану нәтижесінде иемденілген мүлік заң негізінде және онда айқындалған тәсілдер мен рәсімдерге сәйкес ЗАҢДЫ МЕНШІК ИЕСІНЕ, оның ішінде МЕМЛЕКЕТКЕ қайтарылуға тиіс екенін көздеп отыр. Сондай-ақ, активтерді қайтару және (немесе) оларды Қазақстанның заңды экономикалық айналымына тарту, оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ қоғамда ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІКТІ ҚАЛПЫНА келтіру болып табылады. Қазақстан мойындаған, қосылған оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес мәселелеріне байланысты халықаралық құқықтық актілердің ережелері (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы конвенцияға, БҰҰ, ЭЫДҰ және Дүниежүзілік Банктің ұсынымдарына) ескеріле отырып әзірленген. Активтерді қайтару істері өте күрделі процесс. Олар азаматтық және қылмыстық істерге жатады. Сосын, әдетте істердің ескіру мерзімдері болады. Басқаша айтқанда, қолданыстағы заңнама активтердің тиімді қайтарылуын қамтамасыз ете алмайтыны белгілі болды. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, заңсыз сатып алынған активтерді қайтарудың негізгі тетігі азаматтық тәркілеу болып табылады екен. Заң жобасын әзірлеу кезінде Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Канада, Австралия және басқа елдердің қылмыстық іс жүргізуден тыс, яғни азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде азаматтық тәркілеу арқылы мүлікті тәркілеу тетіктерін қолданатын тәжірибесі зерттелді. Үлкен пікір таластармен, қызыл кеңірдек талқылаулар арқылы заң жобасы ортаға түскен еді. Мәжілістен кейін Сенатта талқыланып мақұлданды. Сонымен қоса, ҚР Конституциялық Соты бұл Заң жобасын Конституцияға сәйкестігін тексеріп, оң қорытындысын берді. Азаматтық тәркілеудің мәні мынада: мүлікті тәркілеу үшін адам өзінің әкімшілік-билік өкілеттіктерін пайдаланып, активтерді заңсыз сатып алғанын не қылмыстық әрекетке қатысы бар екенін дәлелдеу қажет. 1986 жылы Еуропалық Адам құқықтары жөніндегі комиссия қылмыстық іс жүргізуден тыс тәркілеу кінәсіздік презумпциясына қайшы келмейді және негізгі мүліктік құқықтарды бұзбайды деп жариялаған. Азаматтық тәркілеудің қылмыстық және әкімшілік тәркілеуден айырмашылығы: 1) ескіру мерзімдерімен және қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімдерімен шектелмейді. 2) азаматтық тәркілеу олигополиялардың әсерінен қабылдануы мүмкін ескі тексерулердің, актілер мен шешімдердің нәтижелерін назарға алмауға мүмкіндік береді. Активтерді қайтару мақсатында Заңда тізілім ұғымы енгізілді, оның субъектілері мен жүргізу тәртібі айқындалады. Демек оны уәкілетті органның ұсынысы бойынша комиссия қалыптастырады. Бұл мәселені комиссияның қарауына шығару процестің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Заң қолданылатын адамдардың тізбесіне мына адамдар кіреді: - қазіргі уақытта жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқарып отырған және бұрын атқарған адамдар (Конституцияда көрсетілген барлық лауазымдар, Парламент депутаттары, Конституциялық Соттың судьялары, бұрынғы Конституциялық Кеңестің мүшелері, судьялар, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, барлық саяси мемлекеттік қызметшілер мен «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері) жатады; - «олигархтар» деп аталатын неғұрлым ірі кәсіпкерлер (әкімшілік-билік ресурстарын, таныстарды, ықпалын пайдалану нәтижесінде мүлік пен кіріс алғандар); - квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының басшылары мен басқарушылары. Сондай-ақ, осы Заң жоғарыда аталған субъектілермен аффилиирленген белгілі бір адамдар тобына да (туыстарына, достарына, жақын қарамағындағыларға) қолданылады. Адал мемлекеттік қызметшілерге, кәсіпкерлерге және инвесторларға қорқатын ештеңе жоқ. Заң ұрлыққа қатысы бар сыбайлас жемқорлар мен олигархтарға қарсы жасалған. Аталған Заң арқылы МЕМЛЕКЕТ елдің тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін Қазақстан халқының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жүйесін айқындайды. Заң мәтінімен таныса отырыңыздар!
Все реакции:57Еділ Жаңбыршин, Лепуда Мукатаева и ещё 55