Өткенде, 20 қарашада Мәжілісте халықтың шамадан тыс несие алу және қаржылық сауатын арттыру мәселелері бойынша парламенттік тыңдау өткен еді.
Сонда көтерілген проблемаларды шешу мақсатында Мәжіліс депутаттары Д. Еспаева, М. Такиев, Б. Бейсенгалиев, Е. Бейсенбаев, Е. Стамбеков, У. Шапак және сенаторлар С. Карплюк, Н. Ниязова бірлесіп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеп, кеше Мәжіліске кіргіздік.