Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова жеке аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша су ресурстарын басқару тиімділігін талдау туралы баяндамасынан

Қайырлы таң! Құрметті, менің сәулелі оқырмандарым!

Судың да сұрауы бар демекші, кеше Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова жеке аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша су ресурстарын басқару тиімділігін талдау туралы баяндама жасады.

Жоғары аудиторлық палатаның бағалауы бойынша бұл саладағы менеджменттің тиімділігі өте төмен деңгейде қалып отыр.

– Су ресурстарын басқарудың жүйелі проблемалары мен кемшіліктерінің қатарында су шаруашылығы объектілерінің тозуы, апатты жағдайы, сондай-ақ технологиялық тұрғыдан ескірген суару жүйелерін пайдалану бар.

Гидротехникалық құрылыстардың 25 пайыздан астамы қанағаттанарлық емес және апатты жағдайда. Осыған қарамастан, ескірген технологияларды пайдалана отырып, каналдарды жобалау және салу жалғасуда.

Су ысырабы су алу көлемінің 50 пайызын құрайды, – деді Наталья Годунова. Демек, біздің елде су тұтыну мәдениеті мүлдем қалыптаспаған.

Сондай-ақ Жоғары аудиторлық палата орталықтандырылған сумен жабдықтау, жетілмеген тариф саясаты, білікті кадрлардың тапшылығы мен техникалық мамандардың кетуі, халықаралық несие жобаларын жүзеге асырудағы ішінара тиімсіздік мәселелерін анықтады.

Баяндамада бағдарламалық құжаттың жоқтығы мен су шаруашылығын дамытудың нормативтік-құқықтық базасының жетілдірілмегендігіне ерекше назар аударылды.

Наталья Годунова Мемлекет басшысының тапсырмасына қарамастан, Су ресурстарын басқару тұжырымдамасы мен жаңа Су кодексі әлі қабылданбағанын атап өтті.

– Бұл – екі негізгі құжат. Олардың жоқтығынан саланы жүйелі, мақсатты түрде дамытудың орнына су инфрақұрылымы, кадр мәселесін шешу, суды үнемдеу және үнемдейтін жаңа технологияларды енгізу сияқты жүйелі мәселелерді шешуде «жыртығымызды жамауға» мәжбүрміз, – деді Н.Годунова.