Қайырлы кеш! Құрметті, менің сәулелі оқырмандарым!
Бүгін әдеттегідей, Комитет отырысы болды.
Азаматтық қорғау туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар, Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелер бойынша Заң жобаларын қабылдап, қорытынды бердік.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске еніп жатқан жаңа жаза - қоғамдық жұмыс жөнінде Әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігінің өкілдерімен бірлесіп жылжымалы жұмыс тобын өткіздім.
Жұмыс азырақ болып қалды ма деп уайымдапАманат партиясы ұйымдастырған “Ұлы дала” байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасына қатыстым.
Сейсенбі күні осылай өте шықты. Ертең жалпы отырыс.
Содан кейін энергетикалық сусындардың құрамын түсіну үшін мамандармен кездесіп, тиісті Министрліктермен реттеу мәселесін талқылаймыз.