Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарының түзетулерін талқылау бойынша дөңгелек үстел

Бүгін «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарының түзетулерін талқылау бойынша жиналысқа дөңгелек үстел өткізілді. Басқаша айтқанда жылжымалы жұмыс тобы.

Күн тәртібінде мына сұрақтар талқыланды.

1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты түзетулер туралы. 2. Техникалық реттеу және метрология мәселелеріне қатысты түзетулер туралы. 3. Сауда мәселелеріне қатысты түзетулер туралы.

Менен басқа Сауда және интеграция министрінің бірінші вице-министрі Айжан Әділқызы Бижанова баяндама жасады.