Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Парламентке келетін заң жобасы сапалы болу керек!

Қайырлы кеш!

Құрметті, менің сәулелі оқырмандарым!

Парламентке келетін заң жобасы сапалы болу керек!

Заң ғылымы, соның ішінде цивилист ғалымдар еліміздің құқықтық жүйесінің дамуына зор үлестерін қосуда.

Естеріңізде болса 2023 жылы 19 сәуір күні "Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы бойынша жұмыс тобы талқылауды бастаған едім. Бұл Заң жобасы 2022 жылғы 1 сәуірде Парламент Мәжілісіне түскен. Алдыңғы шақырылымда 5 жұмыс тобы болған.

Жұмыс тобына жетекшілік етуден бұрын өткен шақырылымдағы жұмыс тобының стенограммасымен танысып шыққанымда цивилист ғалымдардың пікірлерінің өзгеше екендігін және академик М.К. Сүлейменовтың жұмыс тобынан шығып кеткенін оқыдым.

Академик М.К. Сүлейменов жаңа жұмыс тобына қайтадан кіруге рұқсатын берді. Заң жобасы бойынша ойын тағы да білдірді.

Осы заң жобасына қосымша бұрын жүгінбеген 5 ғылыми мекемеге қорытынды әзірлеттік. Жұмыс тобы мүшелері Ғылыми институттардың, университет ғалымдарының берген барлық қорытындыларын саралап шықты. (Сілтемесі төменде).

27 маусымда аталмыш Заң жобасының негізгі ережелерін және оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізудің орындылығын талқылау үшін біздің комитет дөңгелек үстел ұйымдастырды. (Сілтемесі төменде)

Біршама жұмыстар жасалғаннан кейін мынадай байламға келдік.

Заң жобасының мазмұны «сарқылған» сияқты, Заң жобасының бастапқы тұжырымдамада мәлімделген мақсаттарға толық қол жеткізуді қамтамасыз ету қиындады.

Осыған байланысты, Заң жобасында белгіленген түзетулерді олардың орындылығы тұрғысынан қайта қарау бойынша жұмыс жүргізуді, талқылауға салып, оның өзектілігін зерделеп, біртұтас тұжырымдама және тұтастай алғанда азаматтық заңнаманы жаңартудың нақты бағдарлары негізінде оны жаңғырту тұрғысынан Азаматтық Кодекстің кешенді талдауын жүргізуді ұсынып, Заң жобасын қайтарып алу туралы ұсынысты Үкіметке жолдағанбыз!

Соның жауабын кеше алдық.

Заң ғылымдары қауымдастығы ризашылығын білдіруде.