Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Сот жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша көшпелі отырыс

Қайырлы күн! Құрметті, менің сәулелі оқырмандарым!

Апта өте қарбалыс өтті. Жұмыс топтарынан босамадық.

Жұма күні Комитет Астана қаласы аудандық қылмыстық соттар ғимаратына барып, қылмыстық сот процесімен таныстық.

Жоғарғы соттың Төрағасы Асламбек Мерғалиев , Төраға орынбасарлары Нұрсерік Шәріпов, Қ. Нұрышев, А.Түкеев, Астана қалалық сот Төрағасы А.Жұмағұлов, Сот әкімшілігі Жетекшісі Н. Ахметзакиров және басқа да лауазымды тұлғалармен Комитет депутаттары бірлесіп Сот жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша Мәжілісте қаралып жатқан Заң жобасын талқыладық.