Қайырлы кеш! Құрметті, менің сәулелі оқырмандарым!
Жаңа апта басталды. Алдыңғы апта өңірлік проблемаларды орталық органдарға жеткізу, кейбір мәселелерді мүмкіндігінше шешумен уақыт өтті. Жұмыс тобы тағы бар.
Әзірше, үлкен жетістік Қарағанды Нұра ауданы денсаулық сақтау саласы бойынша проблемалар орнынан қозғалуды. Уақыт көрсетеді.
Нақты шешілгені - аудандық халық денсаулығына бөлінген қаражат 2024 жылға 228 млн еді. Халық санына қатысты коэфициентті өзгерту арқылы 178 млн қосымша бөлінді. Жалпы сомасы - 401 млн.
Бүгін біздің Комитет Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде отырыс өткізді.
Электрондық қылмыстық істің СДТБТ ақпараттық жүйесі қылмыстық процестің сотқа дейінгі арызды тіркеуден бастап айыптау актісіне дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын істерді толығымен электрондық форматы моделімен таныстық.
Отырыс барысында КомитетТөрағасы Сәбит Нұрлыбай, орынбасары Р. Әлкенов таныстырылымдық баяндама жасады.