Қайырлы кеш!
Бүгін Өзбекістан Республикасының Конституциялық Сотының Төрағасы және оның орынбасарымен кездесуде болдым. ТМД елдерінің Парламентаралық ассамблея жетекшілері және бақылаушылар тобы мүшелері қатысты.
Өзбекістан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін заң жобасын талқыға салғанда 200 мыңға жуық ұсыныстар келіп түскен!
Әр ұсынысқа кері хат жолданған. Алғысын білдірген. Қабылдаған және қабылдамағанын мәлімдеген. Қандай ауқымды байланыс.
Барлық ұсыныстарды үш топқа бөлген: 1. Құқықтық олқылықтардың (пробелдердің) орнын толтыру және мәнін нақтылауға қатысты; 2. 1992 жылғы Конституциямен қолданыстағы заңдар арасындағы қайшылықтар, сәйкес келмеушіліктер(мысалы, өлім жазасы); 3. Филологиялық, аутентикалық сараптама арқылы түзетуге жататындар. Солай Конституцияның 50-ден астам бабына өзгеріс енетін болғандықтан Негізгі Заңды жаңа редакцияда жазу шешімін қабылдаған.
Өзгерістер: 1. Президентке жаңа құзыреттер бекітіледі: 1) атқарушы биліктің республикалық органдары мен министрліктерді құру және қысқарту бойынша жарлықты шығарып Сенатқа бекітуга ұсыну; 2) Президенттің жанында Қауіпсіздік Кеңесін құру және басқару, Президент әкімшілігін қалыптастыру, Президент жанында өз құзырын іске асыру мақсатында консультативті-кеңесші және өзге де органдар құру; 3) Премьер-министрдің келісімісіз Тәшкенттің және облыс хокімдерді қызметке тағайындау және босату.
2. Президенттің өкілеттік мерзімі 5-7 жылға ұзарады. Бірақ 2 реттен артық сайлана алмайды. Президенттің осыған дейінгі қызметі нөлденеді.
3. Парламенттің рөлі күшейеді. Заң шығару палатаның ерекше қарауына жататын өкілеттіктері 5-12-ге, Сенаттікі 14-18-ге көбейеді. Президенттің атқарушы, сот билігін құруы бойынша біршама өкілеттіктері Парламентке беріледі.
4. Парламент палаталарының қызметтерінен қайталау (дублирование) функциясы алынып тасталады. Жекелеп алсақ, Премьер-министрдің және Үкіметтің мүшелерінің есептерін тыңдау, мемлекеттік бюджеттің орындалуын бақылау, Есеп палата Төрағасының есебін тыңдау тек Заң шығару палата құзыры. Төменгі палата Президент ұсынған премьер-министрдің кандидатурасын қарастырады және мақұлдайды.
5. Сенат Президенттің ұсынуымен Бас Прокурорды, Есеп палатасы Төрағасын, антикоррупция және антимонополия органдарының басшысын сайлау құзырына ие болады. Мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне басшы ретінде ұсынған кандидатурасын Сенатпен кеңесіп шешеді.
6. Жоғарғы Сот кеңесі барлық мүшелерін Сенат арқылы сайлау жүйесі енгізілмек.
7. Сенат құрамы 100 адамнан 65 адамға дейін қысқартылады. Әр облыстан бұрыңғыдай 6 адам емес 4 адам сайланады. Президент тағайындайтын сенаторлардың саны 16-дан 9-ға дейін қысқартылады.
8. Конституциялық Соттың судьялары бір-ақ рет 10 жылға тағайындалатын болады.
9. 2024 жылдан бастап жергілікті атқарушы орган мен өкілетті органның басшысы Хокім болмайды. Бұрын екі органды да хокім басқарған.
10. Әлеуметтік мемлекетті орнықтырады. Адам құндылықтарын жоғары бағалайды. Адамның ар-намысын, абыройына қол сұғылмайды. Дискриминацияға негіз жоқ.
11. Басқа елдің сұраумен Өзбекістан азаматын бөтен елге бермейді. 48 сағаттан артық соттың қаулысыз адамды ұстай алмайды. Құқық қорғау органдары адамды қамауға алғанда “Хабеас Корпус” халықаралық қағидасына сәйкес “Миранда ережесі” сақтау міндеттеледі.
12. Өзбекістанның 100 мыңнан кем емес, тек сайлау құқығы бар азаматтар Заң шығарудың Олий Мәжіліс палатасына ұсыныспен жүгіну арқылы заңға бастама жасау құқығана ие бола алады.
13. Сонымен қоса, Конституциялық Сотқа жүгінетін субьектілердің құрамы кеңейеді: құқық қорғаушы органдар өкілдері (адам құқығын қорғау орталығы, бала құқығы омбудсман, бизнес омбудсман). Жалпы юрисдикция судьялары тікелей жүгінетін болады.
Мінеки, осындай өзгерістер енгізілген жаңа редакциядағы Конституция референдумға ұсынылды.
Референдумға шығарлыған сұрақ: Сіз “Өзбекістан Республикасының Конституциясы туралы” Өзбекістан Республикасының Конституциялық заң жобасын қабылдайсыз ба?